Ішкі істер министрлігіне қарасты Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының оқытушысы Надежда Ахметжанова Петропавлдағы оқу ошақтарын аралап, түлектермен жүздесті. Кездесуде болашақ тәртіп сақшыларын даярлайтын әскери білім ордасының артықшылықтары жайлы айтылды. Академияда оқыту тегін жүргізіледі, келешекте иықтарына лейтенант шені тағылатын курсанттарға стипендия да төленеді.
Ал қолға тиген диплом ішкі істер органдарында жұмыс істеуге кепілдік береді. Қоса кеткен жөн, оқу уақыты қызмет өтіліне кіреді.
– Ваши профильные предметы могут быть любые, кроме творческих экзаменов, казахского, русского языков и литературы. Любая другая комбинация профильных предметов допустима.
НАДЕЖДА АХМЕТЖАНОВА, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкері:
– Менің сапарымның мақсаты – жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, сондай-ақ колледждердің студенттері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу. Қарағанды академиясында оқыту республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады, оқу мерзімі 4 жылды құрайды.
Байболат Култанов