Петропавлдағы №42 орта мектебінің хоккей кортында жеткіншектер арасында коньки тебуден жарыс ұйымдастырылды. Сайысқа Жұмысшы кентіндегі 4 бірдей оқу ұясының оқушылары қатысып жатыр. Турнир Алғыс айту күніне орайластырылған.
Ең алдымен қатысушылар конькимен уақытқа жүгіреді.
Оқушылардың арасында Руслан Козловский шапшаңдығымен көзге түсті. Ол 150 метр аралықты 14 секундта бағындырды.
РУСЛАН КОЗЛОВСКИЙ, №42 орта мектебінің оқушысы:
– Коньки тебуді осы кортта үйрендім. Уақыт өте келе қимыл-қозғалыстарын меңгердім. Өзіме таза ауада коньки тепкен ұнайды. Денсаулыққа берер пайдасы мол.
Ал Марина Поспелова мәре сызығын 25-ші секундта кесті. Бұрымды “Қобалжуға бой алдырмасам, бұдан да жақсы нәтиже көрсетер едім”,- дейді.
МАРИЯ ПОСПЕЛОВА, №42 орта мектебінің оқушысы:
– Коньки тебумен айналысып жүргеніме 2 жылдай болып қалды. Біраз, машықтанып алдым. Дегенмен, жарыста қобалжиды екенсің.
Жарыстағы бәсекелестік жоғары. Әрқайсысы жүлдеден үмітті.
БЕКАЙДАР ШАЛАХАЕВ, №42 орта мектебінің директоры:
– Біз тек оқушылар арасында ғана емес, сонымен қатар, ересектер арасында да жарыстар ұйымдастырып тұрамыз. Біздің мектепте конькиден басқа карате, волейбол, футбол сынды үйірмелер бар.
Шара соңында жеңімпаздар кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Гульден Симбаева