Құқық қорғау органдары

Облыста 5 күнде 2 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

Полицейлер – тікелей эфирде. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желі арқылы тұрғындармен жиі тілдесіп тұрады. Мұндай кезекті кездесулердің бірі Facebook желісінде өтті. Жерлестеріміздің сұрақтарына облыстық полиция департаменті басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тыш жауап берді. Бірінші болып маман ауа райының қолайсыздығын тілге тиек етті.

– Обманчивая погода на сегодняшний день. Сегодня вот первый день так тает, на завтра передают штормовое, на сегодня штормовое передали.

Кейін сөз кезегі оқырмандарға келді. Тікелей эфирде көлік жүргізушілердің бірі жолды тазалау мәселесін көтерді.

– Да, хотелось бы, чтобы дорожное покрытие вовремя чистилось.

Тұрғындардан келіп түскен өтініштердің жол жағдайы мен ауылды жерлердегі жолдың жарықтандырылуына қатысты болды. Сондай-ақ, азаматтар кейбір аралықтағы жылдамдыққа қатысты шектеулерді қайта қарастыруды ұсынды.

АЙГҮЛ КӘРІМОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:

– Көліктік тәртіпті күшейту, апаттылықты төмендету мақсатында СҚО аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Осы шараның шеңберінде “Южный” бақылау бекетінде жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы күн сайын жолдағы жүргізушілер арасында сауалнама өткізді. Барлық жүргізушілер патрульдік полиция қызметінің жұмысы бойынша жағымды жағынан жауап берді және жол жүруді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен өтініштер қаралып, қарастырылатын болды.

5 күнге созылған шара барысында полицейлер 2 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегін тіркеді. 22 жүргізуші көлікті мас күйде жүргізген.

 

Алдияр Айтпаев