Экономика және қаржы

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы кеңейтіледі

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы кеңейтіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қолданыстағы бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде бюджеттік салада еңбек ететін 1,1 млн қызметкердің жалақысы өскен. 74 мың дәрігердің табысы орташа есеппен 30%-ға жоғарылады, 600 мың педагогтыкі – 25, 173 мың орта медициналық персонал қызметкерінің еңбекақысы 20%-ға өсті.


Өзге категориядағы бюджеттік мекеме мамандарының да айлығы шамамен осынша көлемде көтерілген. Бүгінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын 2029 жылға дейін өзектілендіруге арналған шаралар талқылануда. Жобаны республикалық және өңірлік деңгейге бөлу жоспарланып отыр. Бұл іске жергілікті атқарушы органдарды барынша тартуға ықпал етпек. Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында экономиканың нақты секторында жұмыс орындарын құру, “Ауыл Аманаты” жобасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру және шағын және орта бизнеске түрлі мемлекеттік қолдау көрсету басым бағыттар болып табылады. Сонымен қатар, жалақыны бюджет есебінен арттыру және азаматтарға жаңа цифрлық сервистер арқылы әлеуметтік қолдау көрсетудің проактивті шараларын қамтамасыз ету жалғасын табады.