Құқық қорғау органдары

Елу елікті қырған 3 күдікті ұсталды

Сайын даланың еркелерін атқан үш күдікті ұсталды. 27-ші ақпан күні “Челябі-Новосібір” тас жолында полиция қызметкерлері “ВАЗ-2115” автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы азаматты тоқтатты. Салонда 29 және 30 жастағы қос петропавлдық болған. Машинаны тексеру барысында мамандар Сібір елігінін 4 ұшасын тапқан. Сондай-ақ, “ТОЗ” маркалы екі тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық пен 2 патрон және басқа да заттар тәркіленген. Бұдан бөлек Петропавлдағы саяжай қауымдастықтарының бірінде орналасқан үйден 2 елік ұшасы мен 41 еліктің терісі және 119 тұяқ пен 12 бас жануар табылған. Күдіктілер 5 мың АЕК көлемінде айыппұл арқалайды немесе 5 жылға бас бостандығы шектеледі не болмаса сол мерзімге темір торға тоғытылады.

РУСЛАН НАЗАРОВ, СҚО ПД бастығының орынбасары:

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексі 337-бабының 3-бөлігі “Заңсыз аңшылық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тәркіленген қару мен жануарлардың қалдықтары сараптамаға жіберілді.

 

Алдияр Айтпаев