СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Биыл өңірдің тау-кен саласында 1500 жаңа жұмыс орны құрылмақ

1500 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Айыртау ауданындағы “Сырымбет” қалайы мен “Ақсоран” вольфрам кен орындарын игерумен айналысатын инвесторлармен кездесті. Аталған қос жобаны жүзеге асыру өңірдегі тау-кен өнеркәсібінің негізін қалауға мүмкіндік береді. Бүгінде бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. “Tin One Mining” АҚ инфрақұрылымдық нысандар салу туралы жобалар бекітті. Қалайы өндіру бойынша тау-кен металлургиялық кешенін салу жобасы әзірленіп жатыр. Қаржыландыруға қатысты “Қазақстан даму банкінің” өкілдері тиісті шешімдерін айтуы керек. “Есіл-Mining” серіктестігі вольфрам өндірілетін шахтаның құрылысы мен жол және инженерлік желілер салуға қатыстты тиісті құжаттама әзірлеуде. Жер телімдері алынып, қазу жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта электр желілері мен инфрақұрылымның құрылысы басталады. Айта кетейік, қос жобаны іске қосудың нәтижесінде 1500 жаңа жұмыс орны пайда болады.

 

Алдияр Айтпаев