Қоғам

Әр адамның дауысы маңызды!

Әр адамның дауысы маңызды! Осыны жақсы білетін петропавлдықтар күллі солтүстікқазақстандықты 19-шы наурызға белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына шақырады. Белсенді жерлестеріміздің басым бөлігі саяси додаға түскелі отырған кандидаттармен танысып үлгеріпті. Сайлауалды бағдарламаларындағы маңызды тұстарды қағаз бетіне түртіп алғандар да бар. Таңдау жасауға асық теріскейліктер үміткерлер елдегі оң өзгерістерге ұйытқы боларына сенеді.

– Сайлауға міндетті түрде барамын. Бұл – менің азаматтық міндетім. Мұндай шарадан қалмау қажет.
– Біз бұл мәселені үйде талқыладық. Сайлауға отбасымызбен барамыз. Таңдау жасап, еліміздің одан әрі гүлденуіне өзіндік үлесімізді қосқым келеді.
– Кандидаттар тізімін қарап шықтым. Бірнеше үміткер бар. Депутат атанған жандар келешекте өңірдегі мәселелердің шешілуіне ат салысады ғой деп сенеміз. Бірінші кезекте бізде қымбатшылықпен күресуіміз қажет.

 

Байболат Култанов