Ауыл шаруашылығы

Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру

Еліміздің ауыл шаруашылығы саласына заман игіліктерінің жеткеніне біраз болды. Қуанышымызға орай, жаңашылдықтар әлі де келіп жатыр. Көп ұзамай соның бірі отандық мал дәрігерлерінің қолына тимек. Барлық төрт түлікке қатысты ақпарат енгізілетін мобильді жүйесі бар планшет мамандардың жұмысын біршама жеңілдетеді.

БАҒЛАН БЕКБАУОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

– Мобильді жүйесі бар планшет елдегі мемлекеттік мал дәрігерлерінің барлығына берілмек. Жоба БҚО-да сыналды. Жүйенің өзіндік ерекшелігі бар. Малға қатысты жасалатын іс-шаралардың барлы базаға түсіп отырады.

Мал шаруашылығы дегеннен шығады, Қазақстанның кейбір аймағында төрт түлік жаятын төңірек тапты. Мұндай мәселе теріскейде де бар. Проблемаға мемлекет басшысы назар аударғаны мәлім. Қазіргі таңда Президенттің пәрменімен пайдаланылмай жатқан жайылымдар мен егістік танаптар мемлекетке қайтарылып жатыр. Былтыр 5 млн гектардан астам аумақ Үкіметке өтіпті. Олар бойынша арнайы карта әзірленген.

БАҒЛАН БЕКБАУОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

– Біз арнайы порталды іске қостық. Порталда қандай жердің мемлекетке қайтарылғанын, көлемі қанша екенін көре алады. Тағы да басқа деректер бар.

Қазіргі таңда шаруалар субсидияны да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылған арнайы портал арқылы алады. Нақтырақ айтсақ, өтінішті ақысыз негіздегі ақпараттық жүйемен жолдайды. Журналистермен жүздесу барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов осы жаңашылдыққа да тоқталып өтті.

 

Байболат Култанов