ТЖ

1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

Биыл Азаматтық қорғаныс күні «Қауіп-қатерді бағалаудағы заманауи технологиялардың рөлі» ұранымен өтеді. Мерекеге орай жұртшылықтың назарына мамандандырылғн техника ұсынылып, өрт сөндірушілер өз тәжірибелерімен бөлісті. Көрмеде құтқарушылардың қызмет барысында қолданатын құрал-жабдықтары таныстырылды. Мәселен, мына 30 метрлік баспалдағы бар көлік өрт шыққан үйдің 9-қабатынан адамдарды эвакуациялауда бірнеше рет пайдаланылған.

МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Бүгін балалардың назарына авариялық-құтқару техникасы ұсынылды. Олар: командалық-штабтық машина, автосаты, қайықтар, түрлі өрт сөндіру машиналары. Бұлар – төтенше жағдайларды жоюға тікелей қолданылатын техникалар. СҚО аумағында да, қажет болған жағдайда басқа өңірлерге де жіберіледі.

Мұндай танымдық шаралар мектеп оқушылары үшін бір ай бойы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, өрт сөндіру бөлімдерінде ашық есік күндері өтеді. Құтқарушылар балаларға қауіп төнген жағдайда өзін қалай ұстау қажеттігін үйретеді.

РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ТЖД басқармасының офицері:

– Айлық 20-шы ақпаннан бастап 20-шы наурызға дейін өтеді және осы аралықта орта және жоғары білім беру мекемелерінде түрлі сайыстар, эстафеталар, конкурстар ұйымдастыру жоспарда бар. Өрт сөндірушілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, төтенше жағдайлар кезінде қандай ережелерді ұстану қажеттігін түсіндіреді.

Осы жолы алаңға 8 техника шығарылды. Шараға 20-ға тарта маман тартылды. Мамандар танымдық шара арқылы мыңға жуық мектеп оқушысын қамтығалы отыр.