Қоғам

1 наурыз – Алғыс айту күні

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші:

– 18 Қытымыр қыстың соңғы күні. Ертең көктемді қарсы аламыз. Шуақты мезгілдің алғашқы айы мерекеге толы. 8-ші Наурыз – халықаралық әйелдер күнін атап өтеміз. Кейін әз Наурызды тойлаймыз. Бірақ, ертеңгі маңызды мерекені де ұмытпау қажет. Ертең бізді “Алғыс айту” мейрамы күтіп тұр.

Бұл мереке биыл елімізде 7-ші рет аталып өтілмек. Бірақ, атаулы датаның тамыры тереңде. Ең біріншіден, бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударылған этностардың құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген терең тағзымының белгісі. Сол себепті, наурыздың 1-ші жұлдызында түрлі ұлт-өкілдері осы мейрамды бірге тойлап, ажырамас бірліктің өнегелі өлшемін көрсетеді. Алғыс айту күнінде бала ақ сүт берген анасына, оқушы білім нәрімен сусындатқан ұстазына рахметін айтады. Яғни, әрбір адам өзіне жақын адамына алғысын білдіреді.

– Осы сәтті пайдалана отыра барлық жақындарыма алғыс айтқым келеді. Жанымнан әркез табылап, көмек қолын созып жүргендеріңізге рахмет!
– Еліміздегі маңызды мерекелердің бірі деп ойлаймын. Ең бірінші, осы дүниеге әкелген ата-анама алғыс айтамын. Қолдап жүрген туған-туыс, бауырларыма да рахмет. Еліме, барша қазақстандықтарға рахмет!
– Маған қызымды дүниеге әкеліп, әке атандырған жарыма рахмет! Тату-тәтті өмір сүрып жатқандығымыз үшін барлық қазақстандықтарға алғысым шексіз.

 

Алдияр Айтпаев