Білім

Университетте халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. “Қазіргі педагогикалық білім: ғылым мен практика интеграциясы” деп аталған жиынға жетекші ғалымдар, барлық деңгейдегі оқу орындарының қызметкерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

ЛИАНА ДОБРОВОЛЬСКАЯ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ педагогика факультетінің деканы:

– Жиын барысында мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуының негізгі тенденцияларын талқылаудамыз. Біздің негізгі мақсатымыз – білім саласындағы барлық мәселелерден хабардар білікті мамандар даярлау.

Негізгі жиыннан кейін факультет құрамындағы кафедра мұғалімдері 5 секция отырысын өткізді. Солардың бірінде арнайы түзету мектептерінің басшылары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің өкілдері пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Мамандардың сөзінше, мұндай мекемелерге жаңа технология қажет. Мұғалімдер де білікті болуы шарт. Осы орайда “Өрлеу” орталығының мамандары әзірлеп жатқан бағдарламалары туралы айтылды.

ЛЕЙЛА ӘЛМАҒАМБЕТОВА, “Өрлеу” БАҰО” АҚ СҚО бойынша филиалының директоры:

– “Өрлеу” филиалдары қазіргі таңда біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын құрастыру үстінде. Сол себепті, үлкен мониторинг өткізіп жатырмыз.

Ресейлік, америкалық және қазақстандық мамандар қатысқан онлайн жиында тілге тиек етілген тағы бір жаңашылдықпен бөлісе кетейік. Биылдан бастап өндірістік тәжірибеден келген болашақ педагогтардың, яғни студенттердің жұмысын университеттегі жетекші емес, мектептегі мұғалімдер, психологтар және әлеуметтік ұстаздар тексереді. Бұл жұмыстың жауапкершілігін сезінуге, түлектің маман ретінде қалыптасуына ықпал етпек.