Спорт

Солтүстікқазақстандық брейкдансер халықаралық турнирде топ жарды

Сүйінші жаңалық! Солтүстікқазақстандық Амир Закиров Жапонияда өткен брейк-данс турнирінің жеңімпазы атанды. Дүбірлі додаға 48 мемлекеттен келген 180 адам қатысыпты. Оның ішінде бірнеше мәрте әлем чемпионы атанғандар да бар. Бастапқы кезеңдерде үздіктердің алдын ораған жерлесіміз ақтық сында АҚШ пен күншығыс елінің өкілін ұтқан. Жеңіс тұғырының биік сатысынан көрінген Амир Закировты толағай табысымен аймақ басшысы Айдарбек Сапаров құттықтады.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Амирді беделді жарыстағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Қазір жерлесіміз 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындалуда. Амирге Олимпиадада сәтті өнер көрсетуіне тілектеспін!

 

Байболат Култанов