Kurultai banner mobile

МТРА жаңалықтары

Сайлауға 20 күн қалды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына 20 күн қалды. Қазір тіркелген партия мүшелері мен кандидаттар көпшілікке өздерін таныстыруда. Заң ғылымдарының кандидаты Гүлбақша Мұсабаева солтүстікқазақстандықтарды алдағы саяси маңызды шараға біркісідей қатысуға шақырады. Гүлбақша Нұрмұқанқызының пікірінше, бұл – Тәуелсіз елімізде жоспарланған ауқымды өзгеріске нық қадам.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, заң ғылымдарының кандидаты:

– Биыл біз саяси партияларға ғана емес, ел ішінен шыққан азаматтарға да дауыс бере аламыз. Келіңіздер, дауыс беріңіздер! 18 млн адамның болашағын біз өзіміз шешу керекпіз.

Айта кетейік, өңірімізден Парламент Мәжілісінің сайлауына 13 кандидат тіркелді. Ал облыстық және қалалық мәслихаттарға 53 үміткерден өтініш берген. Аудандарда 450 адам саяси додаға түспек. Аққайыңдар өлкесіндегі ең жас кандидат 2000 жылы туған. Ал ең үлкені 76 жаста.

 

Байболат Култанов