Спорт

Облыстық “Солтүстік-2023” спорт мерекесінің ашылуы

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші:

– Дәстүрлі спорт мерекесі биыл Ғ.Мүсірепов ауданында өтуде. Бірер минуттан кейін “Солтүстік-2023” қысқы спорт ойындарының ашылу салтанаты өтпек. Биыл бәсі биік бәсекеге 300-ге тарта спортшы қатысуда.

Жыл сайын бұл шараны тамашалауға жерлестеріміз көптеп жиылады. Биыл да солай.

– Астана қаласынан осында қонаққа келдік. Дәл осында спартакиаданың үстінен түсіп отырмыз. Өте қуаныштымыз. Құтты болсын! Бәрі сәтті өтсін!
– Мереке жақсы ұйымдастырылған. Спортшыларға жеңіс тілейміз. 25 Қысқы спорт қысымен ерекше. Маған осы қысқы спорт түрлері ұнайды.
– Маған барлығы ұнап жатыр. Осындай суықта осындай шара ұйымдастырылып жатыр. Ауданға рахметімді айтамын.

Шара спортшыларға құрмет көрсетуден басталды. Дәстүрлі шеруді Айыртау ауданының спортшылары бастап келеді. Команда құрамында қысқы спорт түрлерінен небір мықтылар бар.

Көпшіліктің ерекше құрметіне жарыс иелері ие болды. Жергілікті спортшылар ортаға беттеген сәтте қалың көпшілік құрмет көрсетті. Кейіннен саңлақтарды облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек дүбрілі доданың ашулымен құттықтады.

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК, облыс әкімінің орынбасары:

– Дәстүрлі қысқы “Солтүстік” ойындарына қош келдіңіздер. Бүгінгі мерекемізде спорт ардагерлерімен бір қатарда жас спортшылар да тұр. Бұл – өте керемет көрініс. Құрметті достар, облыстық қысқы спорт ойындарын ашық деп жариялаймын.

Кеш концертке ұласты. Ортаға жарыстың туы шығарылып, көкке көтерілді. Кейін сайыс нышаны Барыстың қатысуымен жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін паш етті.

27-ші облыстық қысқы спорт ойындарының алауы жағылды. Биыл бұл мәртебе Ілияс Жұмановқа бұйырды. Солтүстікқазақстандық саңлақ – облыстық және республикалық полиатлон чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.

Кеш соңы отшашуға ұласты. 

 

Алдияр Айтпаев