ТКШ

Газ өңдеу зауыттарын іске қосу талқыға түсті

Үкіметте газ өңдеу зауыттарын іске қосу мәселесі қаралды. Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында Қашаған кен орнында жаңа жобаларды іске асыру, яғни қуаттылығы 1 млрд текше метрлік газ өңдеу зауытын салу мәселелері талқыланған. Бүгінде ол жақта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Сонымен қатар, кен орнында мұнай өндіру көлемін ұлғайту аясында тағы бір ірі газ зауытының құрылысы пысықталуда. Жобаны екі кезеңмен іске асыру жоспарланып отыр. Өз кезегінде Әлихан Смайылов дайындық жұмыстарын жеделдетіп, жақын арада жаңа газ зауыты бойынша Жол картасына қол қою қажеттігін атап өтті.

 

Алтынай Казиканова