Экономика және қаржы

Биыл мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу үшін 40 млрд теңге жұмсалды

Ел тұрғындарына мүгедектігі және асыраушысынан айырылуына қатысты жәрдемақылар бойынша әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 45 млрд теңге төленді. Мұндай ақпаратпен.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бөлісті. Жалпы, биыл мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 40 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 5 млрд теңге төленген. Айта кетсек, 1 ақпандағы жағдай бойынша мүгедектігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 500 мыңнан, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 190 мың адамнан асты.

 

Алтынай Казиканова