Қоғам

Жеке куәлігін жиі жоғалтатын азаматтарға мемлекеттік баж мөлшері артады

Жеке куәлігін жылына екі реттен көп жоғалтқан адамдарға аталған қызмет үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшері көбейтілмек.

Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне осындай түзету енгізу жоспарлап отыр.

Құжат мәтінінде жоғалған жеке куәлігін қалпына келтіру туралы өтінішті бір жылда үшінші рет беріп тұрған адам 1 АЕК (3 450 теңге) көлемінде мемлекеттік баж төлейтіні айтылған. Қазіргі қолданыста Қазақстан Республикасының кез келген азаматы жеке куәлігін ресімдеу немесе ауыстырғаны үшін 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлейді.

Бұдан басқа, заң жобасы кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендетуді және оның парақтарының санына қарай паспорт бергені үшін мемлекеттік баждың сараланған ставкаларын енгізуді көздейді.

 

Алдияр Айтпаев