БілімҚоғам

Сарбаздар ант қабылдады

Бүгінгі күн мына сап түзеп тұрған жігіттер үшін маңызды. Олар 42 күндік әскери дайындықтан өтіп, Отан алдындағы борыштарын өтеді. Сарбаздар ант қабылдап, оларға арнайы сертификаттар табыс етілуде. Енді жігіттер «Атқыш» маманы ретінде арнайы есепке алынады.

Ортада ант қабылдап жатқандардың бірі – қостанайлық Ерболат Ибраев. Оған оқу орнында әрбір шараға белсенді ат салысқаны үшін арнайы грамота табыс етілді.

ЕРБОЛАТ ИБРАЕВ, қатардағы жауынгер, Қостанай облысы:

– 40 күн ішінде тәртіпке үйрендік. Ерте жату, ерте тұру, уақытылы тамақ ішу. Сонымен қатар, өзіміздің құқықтарымызды білдік. Жалпы, барлық нәрсені біліп, үйрендік.

Биылғы лекте 19 сарбаз әскери даярлықтан өтті. Оның ішінде 7-еуі теріскейлік, қалғаны – қостанайлық азаматтар. Айта кетсек, әскери- техникалық мектепке 24 жастан асқан ер азаматтар қабылданады.

ИГОРЬ ЧЕТВЕРОВ, ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің Петропавл қаласындағы филиалы директорының орынбасары:

– Сарбаздардың жас аралықтары 24 пен 27 жас шамасында болуы қажет. Ең бастысы, денсаулықтары мықты болуы керек. Жыл сайын сарбаздардың 7-8 легін оқытамыз.

Келесі кезек ақпанның 27-сінде қабылданады. Сарбаздар әскери мектепке қабылданбас бұрын медициналық тексерістен өтулері керек.

Гульден Симбаева