МТРА жаңалықтары

Мәжіліс депутаттығына үміткер зауыт ұжымымен кездесті

Ауылдағы ағайынның тұрмыс сапасын жақсартып, жастарды жұмыспен қамту. Бүгін Мәжіліс депутаттығына үміткер Еркебұлан Мамбетов “Мұнаймаш” зауытының ұжымымен кездесті. Шара барысында азамат өз еңбек жолын баяндады. Ол ауыл шаруашылығына өмірінің 30 жылын арнаған.

Бұған дейін аграрий 5 ауданда үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Сайлауға дейін Мәжіліс депутаттығына үміткер облысымыздың барлық аймақтарын аралауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, кәсіпорындарда да халықпен кездеспек.

ЕРКЕБҰЛАН МАМБЕТОВ, Мәжіліс депутаттығына үміткер:

– Ауылдағы ағайынды таза ауыз су, жол мәселесі алаңдатып отыр. Сондай-ақ, жастарды жұмыспен және баспанамен қамту жайы сөз болды. Қаладағы ауруханаларда кадр жетіспеушілігін талқыға салдық. Біздің басты мақсатымыз – 19-шы наурыз күні өтетін сайлаудың маңыздылығын түсіндіру.

Жалпы, “AMANAT” партиясының аудандарда 70-ке жуық сенімді өкілі бар. Қазіргі таңда ол жандар сайлауалды жұмыстармен айналысуда. Айта кетейік, бүгін Мәжіліс депутаттығына үміткер бас сұққан “Мұнаймаш” зауытында 140 адам еңбек етеді. Мұндағы орташа жалақы 367 мың теңгені құрайды.

Алдияр Айтпаев