Құқық қорғау органдары

Есірткі сатқан қыз 15 жылға сотталуы мүмкін

Есірткі сатқан 25 жастағы қала тұрғыны өткен жылдың күзінде құрықталды. Нәзікжанды таксиде ұсталды. Тінту барысында көліктен синтетикалық зат табылды. Нақтырақ атсақ “тұз” деп аталатын есірткі тәркіленген.

Есірткі нәзікжандының үйінен де табылды. Қала тұрғынынан барлығы 20 грамм синтетикалық зат тәркіленіп алынған. Бұл ірі көлемге жатады. Тергеу көрсеткендей петропавлдық интернет-дүкенмен әріптестік орнату арқылы оңай жолмен олжаға кенелмек болған екен. Қазіргі таңда нәзікжанды тергеу изоляторында отыр.

БАУЫРЖАН ӘБДІЛМАНОВ, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

– Ұсталған қыз отырған автокөлікті тінту кезінде сұр түсті кристалл тәрізді заты бар 40 полимерлік түйіншек табылды. Дәл осындай зат тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде де анықталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді жүргізілді. Ұсталған қыз 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Гульден Симбаева