Құқық қорғау органдары

Айыртау ауданының 2 бірдей тұрғыны тәртіп сақшыларына тіркелмеген қару әкеліп тапсырған

Екеуі де мылтықты тауып алған. 60 жастағы ер адам қару қайтыс болған туысының үйіндегі кереуеттің астында жатқанын айтқан. Табылған зат жайында дереу полицейлерге хабарласыпты.
Қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Оның оқ атуға жарамдылығы тексеріліп жатыр. Ал 21 жастағы ер адам мылтықты орманнан тапқан. ИЖ-17 қаруы да айыртаулық мамандарға тапсырылды.
Екі азамат та тіркелмеген мылтықты өз еркімен келіп өткізгені үшін жауапкершілікке тартылмайды.

Самал Жунусова