Мәдениет

Облыстағы ҚХА-да Масленица мерекесі аталып өтті

Балалар мен қариялар облыстық Қазақстан халқы Ассамблесында ән айтып, өз өнерлерін көрсетуде. Мұнда қатысушылар орыс халқының ұлттық киімдерін киіп келген. Үстел үстіне дәмі тіл үйірер тағамдар қойылған. Қазір ортада аға буын өкілдерінен құралған «Шанс» тобы орыс халқының әнін шырқап жатыр.

АЙДАРБЕК БЕГЕНОВ, зейнеткер:

– Өзім осы “Золотой возраст” орталығының мүшесімін. Зейнетке шыққаннан бері үйде отырмай спортпен айналысамын. Қозғалысты жақсы көремін.

Масленица мерекесі 7 күн бойы атап өтіледі екен. Әр күннің өз атауы бар. Мәселен, бүгін – «Тещины вечерки». Бұл күні күйеу балалар қыздың ата-анасын қуантуы қажет. Сахнада 7 күннің әрқайсысының мән-мағынасы түсіндірілді.

ТАТЬЯНА ВЕРБИЦКАЯ, шараны ұйымдастырушы:

– Бүгінгі шараны қызықты әрі есте қаларлықтай қылып өткізуге тырыстық. Қатысушылардың кейбірі аудандардан келді. Мақсатымыз – жеткіншектерге Масленица мерекесі туралы баян ету. Алдағы уақытта осындай шараны жыл сайын ұйымдастырып отырамыз деген жоспар бар.

Жиын соңында қатысушылар тәтті құймақтардан дәм татты.

Гульден Симбаева