Қоғам

Микроқаржы ұйымдарын клиенттерге несиенің нақты құны туралы ақпар беруге міндеттйді

Елімізде микроқаржы қызметімен айналысатын ұйымдарды сыйақы мөлшерлемелерін сенімді мерзімде көрсетуге міндеттеу жоспарланып отыр.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы:

Тұтынушылық кредиттеу нарығында бірыңғай тәсілдерді әзірлеу мақсатында ӘҚБтК-ге микрожаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымның микрокредиттер бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде сыйақы мөлшерлемелерін сенімді, жылдық, тиімді, нақты құнын көрсету міндеті туралы норманы енгізу қажет деп санаймыз.

Заң жобасында мұндай талап әлеуетті қарыз алушыларға шарт жасасқанға дейін қарыз беру талаптарын объективті талдауға мүмкіндік береді және болашақта проблемалық жағдайларды болдырмауға септеседі.

Алдияр Айтпаев