Ауыл шаруашылығы

Солтүстікқазақстандық шаруалар суыққа шыдамды дизель отынын пайдаланбақ

Биыл солтүстікқазақстандық шаруалар төмен температураға қарамастан техникаларын танапқа шығарып, көктемгі дала жұмыстарын жүргізе алады. Себебі, алдағы маусымда іскер жандар суыққа шыдамды дизель отынымен қамтылмақ. Бұған дейін жергілікті кәсіпкерлер Атырау қаласындағы мұнай өңдеуші зауыттың өнімін алып келіпті. Ол салқын ауа райында қатып, диқандарға қолбайлау болған екен. Енді теріскейде техникалық сипаттамасы біздің өңірге сәйкес келетін сұйықтық қолданылмақ. Мұндай өзгеріс іске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшылығының араласуымен орын алып отыр. Аталған ведомствоның ұсынысын еліміздің Энергетика министрлігі мақұлдап отыр.

АЙДОС ЖҮНІСОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Көктемгі дала жұмыстарына Павлодардағы мұнай өңдеуші зауыттан жоспарланған дизель отынының 70 пайызға жуығы жеткізілетін болады. Ол минус 15 градусқа дейін қатпайды.

 

Байболат Култанов