Қоғам

СҚО-да түске дейін 9 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Қар аралас жаңбыр жауып, айналаның көк мұзға айналуына байланысты өңірде түскен дейін 9 жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның 7-еуі облыс орталығында тіркеліп отыр. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тек автокөліктерге механикалық зақым келген. Өз кезегінде тәртіп сақшылары жол қозғалысын бақылауды күшейтті. Полиция қызметкерлері мұндай жағдайда тұрғындарды тиісті ережені қатаң сақтауға шақырады.

ДАНИЯР ӨТЕГЕНОВ, қалалық ПБ ППБ аға инспекторы:

– Петропавл қаласы полиция басқармасы жол қозғалысының барлық қатысушылары – жүргізушілерден және жаяу жүргіншілерден елді мекендерден қажеттіліксіз шықпауды, қозғалыс бағытын алдын ала реттеуді сұрайды. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет және өте мұқият болу қажет.

 

Гульден Симбаева