ТКШ

Премьер-Министр солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселесін шешуді тапсырды

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР Премьер-Министрі:

Еліміздің барлық аймақтарын газдандыру қажеттігін көптен бері айтып келеміз. Осыған байланысты Мемлекет басшысы еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандырудығ оңтайлы нұсқасын таңдауды тапсырды. Ағайын газ тосып отыр, ал Энергетика министрлігі мен «QazaqGaz»  ҰК» АҚ әлі қандай бағытта жұмыс жасау қажеттігін шеше алмай жүр. Шешім қабылдап, бұл мәселеге нүкте қою қажет.

Премьер-Министр 1-ші мамырға дейін шешім қабылдау қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, өз сөзінде Әлихан Смайылов тозған газ желілеріне қаржы құю керектігін айтты. Бүгінде елдегі желілер 60%-ға тозған. Бақылауды Үкімет басшысы Энергетика министрлігі мен әкімдерге тапсырды.

 

Алдияр Айтпаев