СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда спорт кешені, балабақшалар мен мектептер салынады

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлдағы құрылыс нысандарын аралап, әлеуметтік нысандарды салу бойынша жаңа жобалармен танысты. «Жас өркен» шағын ауданында ескі үйлер сүрілгеннен кейін балабақша мен мектептің құрылысы басталады. Сондай-ақ, «Береке» шағын ауданында түзету мектебі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, балабақша және орта мектептің құрылысына жер телімдері белгіленді. Өңір басшысы тиісті мемлекеттік органдарға барлық дайындық жұмыстарын уақытында аяқтап, көктемде әлеуметтік нысандардың құрылысын бастауды тапсырды.

 

Байболат Култанов