МТРА жаңалықтары

Петропавлда із-түссіз жоғалған қыз 2 күннен бері іздестіріліп жатыр

19 жастағы Шынар Байғабұл дүйсенбі күні таңертең сабағына барамын деп шыққан. Содан әлі оралған жоқ. Кешке үйіне келмеген соң ата-анасы полицейлерге хабарласқан. Іздеу жарияланып, қызды іздеу жұмыстарына тәртіп сақшыларымен бірге еріктілер жұмылдырылды. Мамандар Шынар Байғабұлды көрген адам болса, “102” нөміріне хабарласуды сұрайды.

ӘЛИЯ ИБРАЕВА, қалалық полиция басқармасының қызметкері:

– 20 ақпан күні кешкі уақытта 1-ші полиция бөліміне 43 жастағы азаматтан қызының жоғалғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Осы факті бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі ақпарат бойынша қызы таңғы 8:30-да үйінен шығып кетті. Бірақ, оқу орнына келмеген. Іздеуге еріктілер мен облыс полицейлері жұмылдырылған. Жалпы, жыл басынан бері 50-ге жуық із-түссіз жоғалғандар анықталды, олардың барлығы бір тәулікте табылды.

 

Самал Жунусова