Ауыл шаруашылығы

Көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бағытталады

Үкімет отырысында көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары талқыланды. Ауыл шaруашылығы министрi Ербoл Қарашөкеевтiң айтуынша, биылғы егіс алаңының жалпы аумағы 23,4 млн гектарды құрамақ. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, азықтық дақылдар және қант қызылшасы алаңын арттыру көзделген. Әлихан Смайылов көктемгі егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Үкімет қажетті шараларды қабылдағанын айтты. Мысалы, биыл қазақстандық аграрийлерге жеңілдетілген бағамен 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінеді. Жалпы, алдағы науқанға 140 млрд теңге бағытталмақ.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР Премьер-Министрі:

– Мемлекеттік қолдау фермерлер тарапынан да белгілі бір шарттарды орындауды талап етеді. Бұл – агротехнологияларды қатаң сақтау және тыңайтқыштарды уақытылы қолдану.

Премьер-Министр тыңaйтқыштapды қолдану көлемi ғылыми қaжеттiліктің небәрі 26%-ын ғaна құрап отырғанын aтaп өтті. Eліміздe тыңайтқыш өндіретін 12 зaуыт жұмыс iстейді. Мемлекет өнімдi сатып алу үшін фермерлерге субсидия береді.


ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР Премьер-Министрі:

– Осы өндірістердің бәрін, ең алдымен, отандық нарыққа бағыттау қажет. Сарапшылардың бағалауы бойынша минералды тыңайтқыштардың жеткілікті деңгейде себілмей қалуынан біздің диқандарымыз 10 млн тоннаға жуық жоғары сапалы бидай өндіру мүмкіндігінен айырылып отыр. Бұл жиналған өнімнің жартысына жуық.

Үкімет бaсшысы фитoсaнитариялық іс-шaралаp жүргiзуді қамтамасыз ету және тыңайтқыш сeбy жөніндегі жұмыстapды ұйымдастыру, егiс алқаптарын әлеуметтік маңызы бар жәнe жемшөп дaқылдapының қажетті көлемін егуді қамтамасыз етуді тапсыpды.

 

Алтынай Казиканова