Балалар

Кәмелетке толмаған балаларға түнде үлкендерсіз жүруге болмайды

Кәмелетке толмаған 100-ден астам бала. Биылдыққа қала бойынша ата-аналарының бақылауынсыз түнде көше кезген осынша ұл-қыз анықталды. Бұл ақпарат 32-ші орта мектептің қабырғасында өткен жиын барысында хабарланды. Тәртіп сақшылары оқушылардың ата-аналарымен кездесіп, түрлі бұзушылықтар жайлы баяндады. Шәкірттер арасында кемсіту, нашақорлық пен суицидтің алдын алу мәселелері де назардан тыс қалмады.

ЛИДИЯ СҰЛТАНГЕЛДИНОВА, қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімінің аға инспекторы:

– Ата-аналар жиналасында кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында әңгіме өрбіттік. Жиналғандарға күн сайынғы рейдтік іс-шаралар барысында қолданылатын әкімшілік кодекстің негізгі баптары түсіндірілді.

НАТАЛЬЯ БУКАТОВА, №32 орта мектебінің директоры:

– Мұндай шаралар ата-аналардың көңілдерінен шыққандай, жақсы пікірде екенін көрдік. Жалпы, оқушылардың оғаш әрекеттерін кейбірі балалыққа балап жатады. Алайда, теріс қылықтар үшін жауапкершілік көзделгенін ұмытпаған абзал.

 

Алтынай Казиканова