Спорт

Жерлестеріміз теріскейлік саңлаққа құрмет көрсетті

Чемпионға лайықты құрмет! Спорт сарайының дәлізіне жиналған мына көпшілік жеңіл атлет Михаил Литвинті асыға күтіп тұр. Жақында жерлесіміз кезекті жүлдесіне қол жеткізді. Астанада Азия чемпионатында бақ сынаған солтүстікқазақстандық қос медальді мойнына тағынды.

Чемпион көпшілікті көп күттірмеді. Жерлестеріміз атлетті зор қошеметпен қарсы алды. Кейіннен кішігірім баспасөз конференцисы өткізілді. Осы ретте атлеттің жетістігіне кеңінен тоқталайық, чемпионатта Михаил Литвинге алтын мен күміс бұйырған. 1-ші орынды топтық сайыста, ал екіншісін өзінің оң жамбасына келетін 400 метрге жүгіріп жеңіп алыпты.

МИХАИЛ ЛИТВИН, Азия чемпионатының жеңімпазы:

– Жекелей сында катарлық спортшыға есе жібердім. Арадағы айырмашылық бірнеше миллисантиметрді құрады. Ендігі жарыста ондай қателікке бой алдырмаймын. Жалпы, бұған дейін 10-ға тарта Азия чемпионатында бақ сынадым. Бұған дейін қола мен күмісті қоржынға байлағанмын. Биыл, міне топтық сайыста болса да алтынға қол жеткіздім.

Михаилды 2012 жылдан бері бәйгеге Александр Окованцев баптап келеді. Әр сайыста білікті бапкер шәкірті үшін тақымын қысып отырады. Осы жолғы жетістігіне маман дән риза.

АЛЕКСАНДР ОКОВАНЦЕВ – Михаил Литвиннің бапкері:

– Михаил жеңілуді жақтырмайды. Алғашқы жарысында жүлдеге ілікпей, аяқ киімін шешіп намыстанғаны есімде. Одан кейін көп жаттығу жасадық. Нәтижелері жақсара берді. Қазір өз басым оны сынай да алмаймын. Тек мақтап жүремін. Әрдайым қолдау көрсетуге тырысамын.

Спортшыны алда талай жарыс күтіп тұр. Жазғы Азия чемпионаты, тағысын тағы. Келер жылы Михаил Литвиннің Олимпиада ойындарында да бақ сынауға толықтай мүмкіндігі бар.

 

Алдияр Айтпаев