Құқық қорғау органдары

СҚО-да жоғалған ер адамның денесі қар астынан табылды

Өз ауылына бара жатып жолда мерт болды. Айыртау ауданындағы Янко станциясынан жексенбі күні күндіз боранда шығып кеткен 45 жастағы ер адамның денесі өлі күйінде табылды. Ол 17 шақырым аралықтың 14-ін өтіп, ауылына 3 шақырым қалғанда орман тұсында жан тапсырған. Оның денесі кеше кешкі сағат 6 кезінде қар астынан табылды. Зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Марқұмның неден көз жұмғаны сот-медициналық сараптама барысында анықталады.

 

Самал Жунусова