Ауыл шаруашылығы

Үш базарда кезекті жәрмеңке өтті

Сенбінің таңы, сағат 8-дер шамасы. Алтын арман базарында аптаның әр 6-шы күнінде дәл осы уақытта сауда қызады. Қазір де солай. Қала тұрғындары ауылдың сүті мен ірімшігін, еті мен майын тиімді бағамен сатып алып жатыр.

Сүттің литрі – 200, қара мал етінің орташа бағасы – 1800 теңге, ал сары май – 3500, бал 2-2,5 мыңнан саудалануда. Бұл жәрмеңке тұрғындарға бағасымен жайлы. Мұндағы өнімдер дүкен сөрелеріндегі бағадан 15-20%-ға арзан тұрады.

– Май ала келдім. 4 мың теңгеге алдым. Бағасы көңілімнен шықты.
– Сүт алып жатырмын. Бұл жердің өнімдері ұнайды. Ауылдағы ағайын тауарды көп әкеле берсін.

Апта сайынғы жәрмеңкеге шалақындық ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер тұрақты түрде қатысады. Әр келген сайын жерлестеріміз 1,5 тоннадан астам өнім тиеп әкеледі екен.

СЕЙІТЖАН ҚАМЫТБЕКОВ, Шал ақын ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы:

– 200 литр сүт әкелдік. 50 келі май, 50 келі картоп, 10 келідей сиыр еті, 75 келідей қой еті және 50 келідей шошқа еті бар. Одан бөлік 10 келі ірімшік пен 300 жұмыртқаны саудаға шығардық. Әр келген сайын 500 келідей бал да әкелеміз.

Жалпы, жыл басынан бері Петропавлда осындай 21 жәрмеңке ұйымдастырылыпты.

МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Өткен жылы 100-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Мың тоннаға жуық өнім сатылды. Сатушылар 212 млн теңге өндірді.

Мұндай жәрмеңке әр сенбі сайын қаладағы 3 базарда, атап айтқанда, “Алтын арман”, “Қызылжар-Ақбастау”, “Дария” сынды сауда нүктелерінде өткізіледі. Оған 6 аудан өкілдері қатысады.

 

Алдияр Айтпаев