Қоғам

Петропавлда CHERY көліктері саудалана бастады

Петропавлда кезекті автоорталық ашылды. Бұл жерде CHERY машиналары сатылады. Аталған маркадағы темір тұлпарлар қазақстандықтар арасында зор сұранысқа ие. Осыдан 3 жыл бұрын мұндай мүлікті Ольга Зенченко сатып алыпты. Ол кезде Ресейге баруға тура келген екен. Жерлесіміз көңілінен шыққан көліктің енді ішкі нарықта саудалана бастағанына қуанышты.

ОЛЬГА ЗЕНЧЕНКО, қала тұрғыны:

– Машина өзін тек жақсы қырынан көрсетті. Іші жылы, жайлы және ыңғайлы. Сонысымен жанға жылулық сыйлайды. Оның үстіне – сенімді. Бір жерде істен шығып, жолда қалдырады деп ойламайсың. Әрине, кез келген көлік күтімді қажет етеді. Машинаны күтіп мінген жөн. Жаңа орталыққа көп клиент тілеймін.

Ольга Зенченко автоорталықтың ашылуына жолдасымен келіпті. Ерлі-зайыпты тағы бір көлік сатып алмақшы.

ОЛЬГА ЗЕНЧЕНКО, қала тұрғыны:

– CHERY Tiggo 7 көлігін алуға болады. Жаңа қарадым, көңілімнен шықты. Айтайын дегенім, қазір көліктердің модификациясы мүлде басқаша, сыртқы дизайны заманауи және қуаттылығы жоғары. Ойланамыз, менің көңілімнен шыққан көлікті алатын шығармыз.

Ал, бұл – CHERY Tiggo 4 көлігі. Оның құны 10 млн теңгеден басталады. Сипаттамасына тоқталайық. Темір тұлпарда 147 аттың күші бар, небәрі 10 секундтың ішінде жылдамдықты сағатына 100 шақырымға дейін жеткізе алады. Автоорталық өкілдері сатып алуға кеңес береді.

ДМИТРИЙ ЛЯХОВ, “ASTEK-AUTO” ЖШС директоры, Петропавл қаласы:

– Өзге модельдердің бағасына келсек, Tiggo 7 pro үшін қалтадан 12 млн және одан көп ақша шығаруға тура келеді. Tiggo 8 pro 15 млн теңге тұрады. Ал Tiggo 8 pro max – толық жетекті премиум кроссовер. Құны – 18 млн теңге. Бұл – дилерлік жеңілдіктер бойынша бекітілген баға. Орталықтың ашылуына байланысты біз тұтынушыларға қосымша жеңілдіктер ұсынамыз.

Қаламызға жеткізілген көліктер – қытайлық өнім. Дегенмен, жақын арада аспан асты елінің кәсіпкерлері Алматыда зауыт ашуды жоспарлап отыр. Оңтүстік астанада шағын жинақты машиналар шығарылуы мүмкін.

Бұл кеш әрбір келушінің есінде қалады. Мұнда ұйымдастырушылар оларды автоорталықта қызмет көрсету сертификаттарымен қуантты. Содан кейін салтанатты түрде қызыл лента қиылды.

СЕРГЕЙ КОРЕЛЬЧУК, “ASTEK-AUTO” ЖШС бас директоры:

– Қытайлық бренд ТМД нарығында бірден танымалдылыққа ие болды. Неге екенін айтпаса да белгілі. Көліктердің сапасы өте жоғары. Темір тұлпарларды ер адамдар ғана емес, әйелдер де тізгіндейді. Сонымен қатар, қалалардағы орталықтары кепілдікті, сатудан кейінгі қызмет көрсетуді қолдайды.

Жаңа автоорталықты «ASTEK-AUTO» серіктестігі ашып отыр. Қазақстан нарығында – 20, ал өңірімізде 8 жылдың көлемінде жұмыс істейтін компания болашақта облысымызда тағы 4 бірдей орталық ашуды жоспарлап отыр.

 

 

Байболат Култанов