Білім

Мамандық таңдай біл

Петропавлдағы гуманитарлық-техникалық колледжінде «Мамандық таңдау» атты облыстық байқау өтті. Сайысқа 9-сыныпта оқитын 40-қа жуық оқушы қатысты.
Байқау 2 кезеңнен тұрады: теориялық және практикалық. Қатысушылар өздерін 8 мамандық бойынша сынап көрді. Қайсысына иекемі бар екен? Біреуі – құрылысшы, енді біреуі автомеханик, маркетолог болғысы келеді. Болашақ маман иелері әуелі 4 тапсырмадан орындады. Сосын білімдерін тәжірибе жүзінде байқады. Гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы Асхат Құрманғожиннің айтуынша дәстүрлі жарыс жоғары сыныпта оқитын жастарға болашақ мамандығын айқындауға септеседі.

АСХАТ ҚҰРМАНҒОЖИН, Гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы: 

– Қазіргі таңда мамандық таңдау – өзекті мәселелердің бірі. Мамандық таңдаған кезде барлық мәліметті білу қажет. Бүгін оқушылар колледж қабырғасында мамандықтармен танысып, теориялық, практикалық тапсырмаларды орындауда.

 

Гульден Симбаева