Қоғам

Дүкен сөрелеріндегі азық-түліктің бағасы тексерілді

Облыс орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке тексеріс жүргізілді. М.Жұмабаев көшесінде орналасқан “Семейный” сауда үйі. Сауда қызған.
Тұрғындар керектісін таңдап, алып жүр. Көпшілік іздеген тауар арасында тұрақтандыру қорынан жеткізілген өнімдер де бар.

ОКСАНА ЧЕПКИНА:

– “Семейный” сауда желісі “Солтүстік” компаниясымен бірнеше жылдан бері әріптес. Дүкенімізде тұрақтандыру қорынан жетзілген 15-тен астам өнім бар. Сапасы жоғары. Бағасы да қолжетімді. Тауарларды қала тұрғындары жақсы алады. Әсіресе, зейнеткерлер көп келеді.

Сауда нүктелерінде тұрақтандыру қорының өнімдерін табу қиын емес. Мұндай тауарлардың бағасы сарғылт қағазға жазылған. Баға жағынан да өзге азық-түліктен ерекшеленіп тұрады. Яғни, арзан бағамен саудаланады.

РОЗА ТАСТАМБЕКОВА, “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ департамент директоры:

– Аптасына 4 күн сауда желілеріне, дүкендерге мониторинг жүргіземіз. Қордан жеткізілетін барлық өнімдердің бағасын тексереміз. Бүгінге дейін бағаны көтеру жайттары тіркелген жоқ.

Бұл дүкенді аралағаннан кейін қор мен әкімдік өкілдері “Айсберг” сауда үйіне барды. Мониторинг барысында мамандар сатып алушылармен де тілдесті.

– Закупаю картошку, марковку, капусту, лук. Всё устраивает.

– А цены как?

– Цены тоже устраивает. По сравнению с другими магазинами здесь намного дешевле.

Азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорының өнімдері “Қызылжар-Ақбастау” базарында да бар. Дүңгіршек маңында – күнделікті ұзын-сонар кезек. Дені – зейнет жастағы жандар. Қазіргі таңда сөрелер лық толы. Барлығы жеткілікті. Тұрғындар риза.

АБАЙ ИЛИЯШЕВ, қала тұрғыны:

– Пияз, картоп, 95-100 теңгеге сатылуда. Күн сайын келіп тұрамын. Басқа дүкендерден бұл жердегі азық-түлік бағалары 50%-ға арзан.

Қор қоймалары азық-түлікке толы. Алаңдауға еш себеп жоқ. Кей өнімдер жаздың соңына дейін жетеді екен. Айта кетейік, мұндай тексеріс жұмыстары өңірде облыс әкімінің тапсырмасымен күнделікті жүргізіліп тұрады.

 

Алдияр Айтпаев