МТРА жаңалықтары

Былтыр 32 мың қазақстандық қаржы пирамидаларына алданып қалған

Өткен жылы 32 мыңнан астам қазақстандық қаржы пирамидаларына алданып қалған.
LS агенттігінің мәліметінше, 1,3 мың адам жәбірленуші деп танылды. Нәтижесінде 29 қаржы пирамидасы жойылған. Заңсыз ұйымдарды құру фактілері бойынша сотқа дейінгі 72 тергеу тіркелді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Аяқталған істер бойынша қаржы пирамидаларынан келген шығын көлемі 5 млрд теңгеден асады. Жалпы, осы уақытқа дейін барлығы 16 қылмыстық іс бойынша 26 адам қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталыпты. 2021 жылы аяқталған істер бойынша 8 тұлға бас бостандығынан айырылған.

 

Алтынай Казиканова