Құқық қорғау органдары

300-ге жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды

Өңірде бір апта ішінде 22 жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша көлікке отырғандардың дені мас болып шыққан. Тәртіп бұзғандар қазір әкімшілік қамақ түріндегі жазаларын өтеп жатыр. Бұл көлік иелеріне 7 жыл бойы рөлге отыруға тыйым салынады.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

-Аталған іс-шараның нәтижесі бойынша жедел-профилактикалық іс-шара кезінде облыста жол жүрісі қағидаларының түрлі 1880 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 22 бұзушылық – көлік құралын мас күйде басқару, 2 бұзушылық – қарсы бағыттағы жолаққа шығу, 9 бұзушылық – бұрын көлік басқару құқығынан айырылғандар және 22 бұзушылық белгіленген жылдамдықты асыру болып табылады.

Сондай-ақ, жуырда заңсыз жолаушы тасымалдаудың 6 фактісі анықталған.

Жедел-профилактикалық шара барысында бағдаршамның қызыл түсіне және белгіленбеген жерден өтіп кеткен 300-ге жуық жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

 

Гульден Симбаева