Kurultai banner mobile

ТКШ

Су құбыры тағы да жарылды

Кеше Петропавлда тағы да су құбыры жарылды. Салдарынан Береке, Привокзальный мен Жұмысшы кентінің тұрғындары тіршілік көзінің жоқтығынан немесе су қысымының төмендігін айтып шағымданды. 80-жылдары іске қосылған желіде осымен 3-ші рет апат орын алып отыр. Мамандар тұрғындарға су беру үшін қысымды жоғарылату жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде басқа желіге қосу арқылы сағат таңғы 5 кезінде тіршілік нәрі қосылды. Су қысымы тұрақталды. Қазір шағым жоқ. Ақау орын алған жер анықталуда.

 

Алтынай Казиканова