Спорт

Полиция қызметкерлері өзара сынға түсті

Борки кентінде облыстың күштік құрылымдарының қызметкерлері шаңғы жолында өзара сынға түсті. Полицейлер – осы өтіп жатқан «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының дәстүрлі спартакиадасының тұрақты қатысушылары. Мамандар әзірге шаңғыдан жарысып жатыр. Бұл жарыста нәзікжандылар жалпы ұпай жағынанан ерлер қауымын шаң қаптырып, жүлделі орын иеленді.

ТАТЬЯНА ДОЛБЫШЕВА, СҚО ПД аппаратының қызметкері:

– Мен осындай жарыстарға бірнеше мәрте қатысып келемін. Бүгін күн аязды болса да мәреге бірінші болып келдім. Жаздыгүні жүгіруге қатысамын, жеңіл атлетикамен айналысамын.

Ерлер арасында қалалық полиция басқармасының қызметкерлері үздік атанды. Тәртіп сақшылары үшінші орынға табан тіресе, бірінші және екінші орындарды Ұлттық ұлан академиясы мен 6637 әскери бөлімінің ұжымдары иеленді.

РУЛАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, СҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы:

– Бүгін Борки кентінде «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы мен арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасымен бірлесіп шаңғыдан жарыс өткізілуде. Бұл жарыс календарлық жоспарға сай. Жарысқа 16 команда қатысуда: 9 аудандық полиция бөлімдері мен басқармалары, арнайы күштік құрылымдардың командалары.

Бұл спартакиада әлі де өз жалғасын табады. Жарыс спорттың 7 түрінен тұрады. Келесі сайыс наурыз айында волейболдан ұйымдастырылмақ.

 

Гульден Симбаева