Білім

НЗМ оқушылары республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңіне қатысып жатыр

Аптаның басында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі желілік кезеңі басталды. Оған Петропавлдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-12 сыныптарының 40-қа жуық оқушысы қатысуда. 18 оқушы 2 күн бойы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін сарапқа салды.

АҢСАР ТІЛЕПБЕРГЕНОВ, Химия-биология бағытындағы НЗМ студенті:

Мен олимпиадаларға өзімнің білім деңгейімді бағалап, басқа мектеп оқушыларымен бәсекелесу үшін және туған мектебімнің намысын қорғау үшін үнемі қатысамын. Тапсырмалар жыл сайын жаңартылып отырады. Бірақ, бұл жерде мектеп бағдарламасына қатысты сұрақтар жоқ. Сондықтан, олимпиадаға мықты дайындық қажет.

 

Алтынай Казиканова