Қоғам

СҚО-да 4 бизнес субъектісіне әлеуметтік кәсіпкерлік мәртебесі берілді

Солтүстік Қазақстан облысында арнайы комиссия 4 бизнес субъектісіне әлеуметтік кәсіпкерлік мәртебесін тағайындады. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ақпараты бойынша, тізілімге балаларды сауықтырумен айналысатын, мүмкіндігі шектеулі адамдар көлік жүргізу дағдыларын игере алатын автомектеп, есту қабілеті нашар адамдарға қызмет көрсететін серіктестік пен аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыдан шыққан жандарға жұмысқа тұруға көмектесетін жеке кәсіпкер кіреді.

 

Алтынай Казиканова