Қоғам

Қазақстанда 4,5 млн-ға жуық автокөлік тіркелген

1 қаңтардағы дерек бойынша Қазақстанда 4 млн 449,3 мың автокөлік тіркелген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды. Елімізде тіркелген көліктердің 88%-ға жуығы – жеңіл көліктер, 10%-ы – жүк және 2,1%-ы автобустар болып саналады. 2021 жылмен салыстырғанда былтырдың өзінде елдегі автокөлік саны 3,7%-ға көбейген екен. Темір тұлпарлардың жартысынан сәл астамының қолданылу мерзімі 20 жылдан асқан. Шығарылғанына 3 жыл да болмаған автомобильдер қатары бүкіл көлемнің 8%-ын құрап отыр. Сондай-ақ, 1 қаңтардағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 49,1 млрд теңгеге 92 мыңнан астам сақтандыру төлемі жасалған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 29,5%-ға көп.

 

Самал Жунусова