Құқық қорғау органдары

Интернет-алаяқтыққа қарсы “Киберпол” атты арнайы топ құрылды

Киберпол. Қалалық полиция басқармасында осындай атаумен интернет-алаяқтық фактілерін тергеумен айналысатын арнайы топ құрылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінде өткен жедел кеңесте айтылды. Аталған топ
өңірдегі екінші деңгейлі банктермен үнемі байланыста болады.
Жиында есірткі қылмысына қарсы күрес жайлы да айтылды.
Қаңтар айында солтүстікқазақстандық полицейлер Петропавлға синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кескен болатын. Нәтижесінде облыс орталығында 200 грамнан астам және елордада 700 грамнан астам психотропты зат тәркіленген.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары есірткімен байланысты веб-ресурстарды бұғаттау үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 31 сілтеме жіберген. Жастар арасында 42 профилактикалық іс-шара өткізіліпті.
Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновтің айтуынша, қазіргі уақытта алдын алу шараларына баса мән берген жөн.

 

Самал Жунусова