Өнеркәсіп

“CLAAS” компаниясының жоспары

Өткен жылы Петропавлдағы “CLAAS” компаниясы 159 комбайн мен 65 трактор сатқан. Сауда еліміздің барлық өңірімен жасалыпты. Жекелей тоқталайық. Теріскейден тегеурінді комбайн алғандардың көшбасында ақмолалық және қостанайлық шаруалар тұр. Үздік үштікті солтүстікқазақстандық диқандар қорытындылайды. Ал тракторлардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысына сатылыпты. Биыл заманауи өндіріс ошағы 260-тан астам техника жинауды жоспарлап отыр. Оның дені – комбайн. Тапсырыс берушілер бар. Компания қазірдің өзінде 100-ден аса келісім жасасқан. “CLAAS”-ты таңдағандардың көпшілігі – Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының тұрғындары.

 

Байболат Култанов