Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Булаев қаласында 14 жастағы қызды зорлап кетті

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында 14 жастағы қызды зорлап кетті. Оқиға үйлердің бірінде болған. Күдікті ұсталды. 23 жастағы жігіт Булаев қаласында тұрған. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Аталған факті ҚР ҚК 120-бабы 1-тармағының 3-1 бөлігі “Зорлау” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне енгізілді.

НҰРБЕК БАЕКИН, СҚО ПД баспасөз қызметінің инспеторы:

– Полиция қызметкерлері Булаев қаласының 23 жастағы тұрғынын анықтап ұстады. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайын зерделеуге бағытталған әрекеттер жүргізілуде.

 

Гульден Симбаева