Ауыл шаруашылығы

Биыл облыста 9 тауарлы-сүт фермасы іске қосылмақ

Биыл облыста 9 тауарлы-сүт фермасы іске қосылмақ. Бұл іске 21 млрд теңгеге жуық қаражат бағытталған. Мұндай ақпаратты LS агенттігі жариялады. Нысандар осы жылдың соңына дейін іске қосылады деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде 285 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі уақытта агрожобалардың алтауының құрылысы жүргізілуде. Мәселен, өңірде жалпы құны 5,6 млрд теңгені құрайтын 2 ферма бой көтермек. Әрқайсысының қуаттылығы жылына 6,5 мың тонна өнімді құрайды. Сонымен қатар, қуаты 6,7 мың тонна тауар дайындауға жететін сүт-тауарлы кешенін салу үшін жер учаскесі белгіленген. 3,3 млрд теңгенің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Электр беру желісі тартылып, аумақты қоршау жұмыстары аяқталған.

 

Алтынай Казиканова