Қоғам

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 34 жыл

Интернационалист-жауынгерлердің есімі ұмыт қалмайды. Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 34 жыл. Осыған орай ардагерлер жат елде қаза тапқан сарбаздарға арналған ескерткіш маңына жиылды. Жиналған көпшілік есімдері тақтайшаға жазылған қарулас достарын еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Асхат Қоспанов 1981-ші жылы қазан айында әскерге шақыртылған. Отан алдындағы борышын өтеу үшін азамат Өскеменге барыпты. Онда бірнеше ай әскери өмірге машықтанғаннан кейін Ауған жеріне жіберіледі. Жат елден ардагер 84-ші жылдың қаңтар айында оралған.


АСХАТ ҚОСПАНОВ, Ауған соғысының ардагері:

– Ол жерге барғанда бізге халықтың тыныштығы керек болды. 18 жастағы жастар қайтыс болды.

Сол жылдары өңірден 1,5 мың сабаз Ауғанстанға аттанды. Олардың 46-сы елге оралмады. Интернационалды борыштарын өтеп, өңірге оралғандардың қатары да жыл санап азайып барады. Қазір Ауған жерінде болған жандардың 600-ден астамының ғана көзі тірі.

ЕРІК ТӘТТІБАЕВ, СҚО Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы:

– Бұл күн тек ардагерлер үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін маңызды деп ойлаймын. Себебі, сарбаздардың елге оралуын бүкіл халық күтті. Бір бөлігі жақынынан айырылды, енді бірі баласының, әкесінің, жарының аман-емес келгеніне куә болды.

Жалпы, 10 жылға созылған Ауған соғысына 22 мың қазақстандық қатысқан. Оның мыңға тартасы көз жұмды, 2 мыңы түрлі дене жарақатын алған.

 

Алдияр Айтпаев