ТЖ

Газ құю станциясының қызметкері баллонның жарылуы салдарынан күйік алды

Есіл ауданының орталығы Явленка ауылындағы газ құю станциясында өрт болды. Сырттан кіргізілген 5 литрлік баллонды станция қызметкері жылу батареясының жанына қойған. Содан газ шығып, газ-ауа қоспасы жарылады. 35 шаршы метр жерді қызыл жалын жайлап, нысанның күл-талқанын шығарған. 81-ші жылғы азамат термиялық күйікпен ауруханаға жеткізіліпті. Оның денесінің 80-90 пайызына зақым келген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.