Балалар

Жас құтқарушылар

Өрт сөндіру, кедергілерден өту, адамды қызыл жалыннан құтқару мен өртті болдырмау. Бүгін «Батыр» бөбекжай-балабақшасында «Жас құтқарушылар» атты жарыс өтті. Оған «Батыр», «Петушок» пен «Балауса» балабақшаларының тәрбиеленушілері, яғни 3 команда қатысты. Әрқайсысында – 10 адамнан.

Үстіндегі киімдері бірден назар аудартады. Балғындар тақырыпқа сай киініп келіпті. Сайыс басталар алдында әр топ өздерін таныстырды. Төтенше жағдай туралы тақпақ айтты, мағыналы би көрсетті.

Жарыс басталды. Бірінші тапсырма – балалар төтенше жағдай туындағанда қалай әрекет етулері керек. Яғни, 101 нөміріне хабарласып, құтқарушыларды шақырулары қажет.

Кейін оларға нағыз өрт сөндіруші келді. Құтқарушы балаларға викториналық сұрақтар қойды. Балғындар жарыса жауап беріп жатыр.

Енді жас құтқарушылар кедергіден өтіп, өртті сөндірулері қажет. Тәрбиешілердің айтуынша, мұндай жарыстардың нәтижесінде балалар төтенше жағдай уақытында өздерін ұстау тәртібін үйренеді. Саналарында қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау ұғымы қалыптасады.


БАЛҒЫН МУСИНА, “Салтанат” бөбекжай балабақшасының меңгерушісі:

– Эстафетаның негізгі мақсаты – балалардың төтенше жағдайда өзін-өзі ұстауын, шапшаңдылығын, ептілігін дамыту. Бұл – алғаш рет өткізіліп жатқан шара.

Бүгін балалар ерекше жауапкершілікті сезінуде. Себебі, олардың мүмкіндіктерін нағыз өрт сөндірушілер бағалауда.

САЯТ АХМЕТЖАНОВ, қалалық ТЖБ аға инженері:

– Қазір балалар өте белсенді қатысып жатыр.

Сайыс соңында төтенше жағдай қызметкерлері балғындарға арнайы естелік сыйлықтарын табыс етті.

 

Самал Жунусова